«АДАЛДЫК КОДЕКСІ»

5 мамыр күні Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі, Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламалары бойынша шет тілі қазақ тобының 1 курс студенттері топ кураторы Доскельдина Айдана Серікболқызы және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлының қатысуымен «Адалдық кодексі» атты тәрбие сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты білімгерлерге таза сессияның қалай өту керек екендігін түсіндіру. Тек сессия мәселесі ғана қозғалмай, қыз баланың және ұлт тәрбиесінің қандай болу керек екендігіне де тоқталды. Білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.