2022 жылдың сәуір айында Түркістан қаласында «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбымен өткен республикалық съезге Алматы облысының атынан делегат болып барған 7M01506-География магистранты, география пәні мұғалімі Қ.Б.Молбаевпен оқытушылардың және ЖУ «Географ зерттеуші» студенттік клубы мүшелерінің кездесуі ұйымдастырылды. Бақытжан Қайратұлы географтардың съезінде қарастырылған мәселелер мен ұсыныстар жайлы айтты және мектепте туристік-өлкетанушылық, экологиялық және ғылыми-жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жөнінде пікірін ортаға салды. Географтардың съезінен алған әсерлерімен бөлісті, студенттерге өз жұмысын таныстырып сұрақтарына жауап берді.