Түркістан қаласында өткен география пәні мұғалімдерінің республикалық съезінің делегатымен кездесу ұйымдастырылды

2022 жылдың  сәуір айында Түркістан қаласында «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбымен өткен республикалық съезге Алматы облысының атынан делегат болып барған 7M01506-География магистранты, география пәні мұғалімі Қ.Б.Молбаевпен оқытушылардың және ЖУ «Географ зерттеуші» студенттік клубы мүшелерінің кездесуі ұйымдастырылды. Бақытжан Қайратұлы географтардың съезінде қарастырылған мәселелер мен ұсыныстар жайлы айтты және мектепте туристік-өлкетанушылық, экологиялық және ғылыми-жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жөнінде пікірін ортаға салды. Географтардың съезінен алған әсерлерімен бөлісті, студенттерге өз жұмысын таныстырып сұрақтарына жауап берді.