СТУДЕНТТЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» құрудын бірнеше сатысын халыққа ұсынып, Жолдау жасады. Жаңару мен жаңғыру жолында парламент палаталарының бірлескен отырысы мемлекеттің әлеуетін арттыруды басты мақсат еткен болатын. Бас құжат жуық арада іске асырылатын маңызды реформалар аясын жүзеге асыруды көздейді.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының 2 курс (ЖҚ211,ЖҚ212, ЖПҚ 211) білімгерлері Президент Жолдауын жан-жақты талқылады. Бас құжаттағы саяси реформаларды жүзеге асырудың жаһандық үлгісін тілге тиек етіп, президенттің өкілеттігі мен жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекітудің тың бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Бұдан бөлек мемлекет басшысының қаңтар оқиғасына баға беріп, әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы жайында, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталғаны да жиналыстың қызу талқысына түсті. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттің үлесі бар компанияларды валюталық табысының экспорттық сатылымын ұлғайтуға бағытталған игі қадамдар да жас буынның назарынан қағыс қалмай, зерделенді. Түйіндеп келгенде, жаңа Қазақстанның дамуына тың серпін беретін аға буын бастамасына ЖҚ 211 топ кураторы Ілескен Әлбатырұлының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған шара жас журналистерге қолдау-қозғау болатыны анық деп білеміз.