Аккредитация

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден сәтті өтті.

Құрметті әріптестер! І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі мәртебесін растағанын мақтанышпен хабарлаймыз.

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес 2022 жылғы 11 мамырдағы бес жыл мерзімге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік алынды.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурстарына қатысу мүмкіндігі үшін беріледі.

Біз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз және үнемі алға ұмтыламыз!