“РУХТЫҢ КҮШІ- ӘКЕДЕ” ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ

18 мамыр күні Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  “Рухтың күші- әкеде” облыстық әкелер форумы өтті. Осыған орай ШТҚ 111,112, AI 111 тобының белсенді студенттері және топ жетекшілері Мусабаева А.Н., Доскельдина А.С.  барып рухани демалып, ой түйіп қайтты. Форумды салтанатты түрде хормен ашты. Кейіннен қазағымыздың ұлттық аспаптарымен ансамбль өнерлерін көрсетті. Салтанатты шараға облысымыздың әр өңірінен қоғамға үлесін тигізіп жүрген азаматтары келіп сөз сөйледі,  ер азаматтарымызды бүкіл өңірден келген аналар кеңесінің төрағалары марапаттады. Қуантарлық жағдай марапат иелернің бірі өзіміздің Гуманитарлық жоғарғы мектебінің деканы Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы болды. Марапатталған әр ер азамат елдің құрметтісі ғана емес, көп балалы  үлгі тұтар әкелер. Білімгерлер форумға барғанына ризашылығын білдіріп қайтты.