6В08101– «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада  

«Агрономия» бағыты бойынша жоғары оқу орындар арасында XIV Республикалық пәндік олимпиада аяқталды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты-болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, олардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Сондай – ақ педагог-оқытушыларға өз кәсібилігін дамытуға, құзыретті педагогтармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

«Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша еліміздегі белгілі 9 жоғарғы оқу орнынан (университеттен) студенттер қатысты. Біздің университетіміздің Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің, Агрономия 3-курс білімгерлері Калибекова Раушан Ербосыновна, Аманбаев Алибай Агыбаевич және Басшибай Айжан Қуанышқызы қатысты.  Жетекшісі биология ғылымдарының кандидаты, оқытушы-лектор Акмуллаева Айжан Сейткановна.  

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар  III дәрежелі дипломмен Калибекова Р.Е. марапаталды, Алғыс хат Аманбаев А.А., Басшибай А.Қ., Акмуллаева А.С. берілді.