Конференция

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті сіздерді 2022 жылдың 27 мамырында өтетін Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Қазақстан Республикасы халқының экологиялық ақпаратқа қолжетімділігі: заңнаманы сот және өзге де қызметте қолдану практикасының проблемалары мен перспективалары»  тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады!

Конференцияның мақсаты экологиялық ақпаратты цифрландырудың өзекті теориялық проблемаларын және оған қол жеткізу мәселелерін, мемлекеттік органдардың қызметінде құқық қолдану, оның ішінде қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.       Экологиялық ақпаратты цифрландыруды құқықтық реттеу: теория және практика мәселелері.

2.       Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізу және азаматтардың экологиялық ақпаратқа құқықтарын қорғау кепілдіктері.

3.       Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы, өкілді және құқық қорғау органдарының экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге қатысуы.

4.       Экологиялық ақпараттың цифрлық платформасы ретінде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі.

5.       Қоғамдық тыңдаулар экологиялық ақпаратқа қол жеткізу нысаны және экологиялық маңызы бар шешімдер қабылдау проблемалары ретінде.

Конференцияны өткізу күні: 27.05.2022 ж.

Конференция форматы: аралас формат (онлайн және офлайн)

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.