Конференция

2022 жылдың 20 мамырында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Цифрландыру дәуіріндегі ғылым мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Конференцияны жаратылыстану жоғары мектебі ұйымдастырды. Іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Пленарлық отырысқа Горно-Алтай мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Темербекова Альбина Алексеевна, Хаджеттепе университетінің PhD, профессор S. Sanin, Даугавпилс университетінің қауымдастырылған профессоры Игнатьева Светлана Валентиновна, б.ғ.к., І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша БББ жетекшісі Оксикбаев Берикжан Қылышбекұлы, Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кәкімбаева Қарлығаш Демесінқызы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 2 курс докторанты Жақыпова Айымгүл қатысып, өзекті ғылыми-практикалық мәселелермен бөлісті.

Секциялық отырыс «жаратылыстану-ғылыми білім берудің заманауи үрдістері» және «экономика, құқық және білім беру саласындағы инновациялық технологиялар» атты екі бағыт бойынша өткізілді.