Балқаш – Алакөл бессейінің бірегейлігі

Балқаш—Алакөл ойысы— Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тектоникалық құрылым. Негізінен Алматы облысының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тарбағатай жотасымен, оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларымен, батысында Желтау, Айтау тауларымен шектелген. Балқаш және Алакөл ойыстарына бөлінеді. Жалпы ұзындығы 800 км. Ені Балқаш көлінің тұсында 300 км, Сасықкөл маңында 100 км. Ойыс табаны қатпарланған палеозой шөгінділерінен, магмалық және интрузиялық жыныстардан түзілген. Оларды бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің континенттік борпылдақ жыныстары жапқан. Ойыстың көпшілік аумағын абсолют биіктігі 342 — 600 м СарыесікатырауЛөкқұм (Лекқұм), Тауқұм сияқты төрттік кезеңнің құм алқаптары алып жатыр. Климаты тым континенттік. Қысы қатаң, аязды.

Қаңтар айының орташа температурасы (–12—14°С), бұрқасынды әрі үскірік аязды күндер (–30—35°С) жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 22 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 — 200 мм шамасында. Ойысты қоршап жатқан тауларданбастау алатын ІлеҚараталАқсуЛепсіАягөзҮржарҚатынсуЕмілЫрғайты, Жаманты (өзен), Тентек өзендері ойыстың табанындағы Балқашқа, Алакөлге, Сасықкөлге, Жалаңашкөлге құяды.

 Балқаш көліне құятын судың үштен екісінен астамы Іле өзенінің үлесіне тиеді.

3 — 10 м тереңдіктегі (кейде 100 м, Тауқұмда) жер асты суы көбіне тұщы келеді. Алакөл артезиан алабында арынды су қоры мол. Балқаш—Алакөл ойысында сексеуілжусанбұтасораңөзен аңғарларын бойлай талтораңғыжиде және құраққамыс бидайық, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Өзен аңғарлары мен құм төбелер — қысқы мал жайылымы, тау бөктеріндегі жазық — суармалы егістік ретінде пайдаланылады