«Оқу орындарындағы жастарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамыту жолдары» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция (online)

2022 жылдың 27 мамыр айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Оқу орындарындағы жастарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамыту жолдары» аймақтық ғылыми-тәжірибелік (online) конференция өтті. Конференцияны дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің деканы Е.Утегенов ашты, оған мектеп, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері қатысты.