«Адамның бәсекеге қабілеттілігі-ұлт табысының факторы»

2021 жылдың 28 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытушы-лектор Г.И. Касеинова техникалық ғылымдар жоғары мектебінің «Агрономия» және «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтарының 1 курс студенттерімен бірлесіп «Адамның бәсекеге қабілеттілігі-ұлт табысының факторы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты: адамның бәсекеге қабілеттілігі деген не, оны арттыру жолдары қандай екенін анықтау. Сабақ барысында студенттер өздерінің мақсаттары мен міндеттерімен, қойылған мақсаттарға жету жоспарларымен бөлісті. Мемлекеттік бағдарламалармен және жастарды қолдау ұйымдарымен таныстық. Жастар-Қазақстанның болашағы. Білімді, мәдени-рухтандырылған халықты тәрбиелеу арқылы біз еліміздің одан да үлкен жетістіктеріне қол жеткізе аламыз.