Кездесу

Еуропалық Одақтың Горизонт 2020 MSCA-RISE “Central Asian Law” жобасы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Мармара университетінің (Стамбул, Түркия) өкілі, жоба қатысушысы Огуз Доркен мырза келді.

Жоғары оқу орнының басшылығымен-басқарма мүшесі –ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Алефтина Сембаева Бахтауловамен, сондай-ақ жобаның Қазақстандық қатысушылары: «Рухани жаңғыру» ғылыми – білім беру орталығының директоры Назгуль Қажымұратқызы Байгабатовамен, «Құқық» саласындағы білім беру бағдарламасының жетекшісі Дания Нұрмұханқызы және халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының директоры Жанар Нұрмұхамедқызымен кездесті.

Кездесу барысында зерттеу жұмысының бағыттары және жобаны іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды. Огуз Доркен мырза құрылымдық бөлімшелермен танысып, музейге, стартап академиясына, университеттің жастар орталығына барып, ЖОО кітапханасында Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты ағылшын тіліндегі кітаптарды таңдады. Болашақта құрылымдық бөлімшелермен, оқытушылар құрамымен, декандармен және білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен кездесулер өткізу жоспарлануда.