Жәрмеңке

7 маусым күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде күндізгі бөлімде оқитын құқық және экономика,  техникалық ғылымдар, педагогика және психология, гуманитарлық ғылымдар,  жаратылыстану,  дене шынықтыру және өнер жоғары мектептерінің 2022 жылы бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман – жарқын болашақ иесі» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған іс-шараға Алматы облысының білім басқармасы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері, Алматы облысындағы мекемелер мен ұйымдардан 50-ден аса жұмыс беруші, 36 мамандық бойынша күндізгі бөлімнің 844 бітіруші түлегі қатысты. Жәрмеңке кезінде жұмыс берушілермен университет бітіруші түлектері сұхбаттасып, түйіндеме алысты.

Жыл сайын жұмыс берушілермен үздіксіз жүргізілетін іс-шараларға сәйкес түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші артуда.

Оқу бітіргелі отырған түлектеріміз бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жақсы жұмысқа орналасып, білікті маман болуларына тілектеспіз.