ГЕОГРАФТАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Жаратылыстану жоғары мектебінің 6В01509 – «География»,  6В01510- «География-Тарих» БББ студенттерінің жазғы далалық оқу іс-тәжірибесі  метеостанция Көктал а/о Балықты өзені бағдаржолы бойымен «Түйінді зерттеу телімі» әдісін қолданып өткізілді.

Студенттер Талдықорғанның 2 разрядты метеорологиялық станциясына барып, метеоалаңшада бақылау жасаумен және құрал-жабдықтармен танысты. Балықты өзенінің төменгі жайылмасындағы зерттеу телімінде гидрометриялық бақылаулар мен өлшеулер жүргізді. Барлық зерттеу телімдерінде топырақ шұңқыры қазылып, топырақ қимасында әр қабаттың үлгісі алынды, құрылымының сипаттамасы жасалды. Геоботаникалық алаңшада өсімдік жамылғысының тығыздығы, жай-жүйі анықталып, гербарий жиналды. Аумақтың бедері зерттеліп, кешенді физикалық – географиялық сипаттамасы жасалды.

Практика барысында бастапқы кәсіптік дағдыларды қалыптастыру, табиғи аумақтық кешендермен нақты және кеңінен танысу, ұжымдық жұмыс дағдыларын меңгеру жүзеге асырылды. Студенттер табиғи ортада жүретін үдерістер мен құбылыстарды танып білудің, бақылау, зерттеу, жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерді.