«ПАЛИТРА ЖЕТІСУ» халықаралық жазғы мектеп-пленэрі

2022 жылдың 09-11 маусым аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «ПАЛИТРА ЖЕТІСУ» халықаралық жазғы мектеп-пленэрі өтті. Жазғы мектеп-пленэрге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жоғары оқу орындарымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім атындағы Семей университетінің оқытушылары мен білімгерлері қатысты. Халықаралық жазғы мектеп-пленэрінің нәтижесі бойынша білімгерлердің жұмыстары іріктеліп, жеңімпаздар диплом-сертификаттар және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.