Ынтымақтастық

2022 жылғы 7-11 маусым аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Басқарма төрағасы – Ректор, г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлының басшылығымен академиялық және ғылыми қызмет саласындағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқылау және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қою үшін Түркия Республикасының университеттеріне барды.

Түркия Республикасының жоғары оқу орындарына сапары аясында Жетісу университетінің білім алушылары үшін түрік тілін тегін оқыту мүмкіндіктері, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық алмасуды одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің ғылыми әлеуетін дамыту үшін Эрасмус+, Горизонт 2020, Мевлана және т.б. халықаралық бағдарламаларына бірлесіп қатысу перспективалары талқыланды. Түркия Республикасының университеттерімен шарттар жасалды: Хаджеттепе университеті (Анкара қ.), Карабюк университеті (Карабюк қ.), Бурса Улудаг университеті (Бурса қ.).