Асыл қазына университеті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де білім беру идеясын ұстанды. Университет аға буынның адами капиталын дамыту және пайдалану үшін қажетті нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, ақпараттық ресурстар мен технологияларға ие бола отырып, «Асыл қазына университеті»жобасын әзірлеуге кірісті.

Бұл жобаның негізгі идеясы Қарт адамдардың білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Жобаның мақсаты: белсенді ұзақ өмір сүруді ұзарту, өмір сүру сапасын арттыру және аға буын азаматтарының пайдалылығын сақтау үшін жағдай жасау.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы осы «Университеттің» жұмыс істеу тұжырымдамасын әзірледі, университеттің жоғары мектептерімен бірлесіп тақырыптар құрастырып, білім беру бағдарламалары әзірленді. 2022 жылғы 7, 8, 9 маусымда осы бағдарламаларды іске асыру басталды. Қаланың ардагерлері мен зейнеткерлеріне «Күнделікті өмірге арналған заманауи ақпараттық технологиялар» және «Қаржылық сауаттылық» бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді курстар өткізілді.