Жұмысқа дербес бөлу

2022 жылғы 22 маусым күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2021-2022 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші магистранттар мен докторанттарды онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жұмысқа дербес бөлу іс-шарасы өткізілді.

2021-2022 оқу жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 51 – магистрант , 22 – докторант университетті аяқтағалы отыр. Оның ішінде педагогика және психология жоғары мектебі бойынша 21 – магистрант, 9 – докторант, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 2 – докторант, жаратылыстану жоғары мектебінде 24 – магистрант, 9 – докторант, құқық және экономика жоғары мектебінде 4 – магистрант, 2 – докторант, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі бойынша 2 – магистрант.