Түлектерді жұмысқа дербес бөлу

2022 жылғы 21 маусым күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2021-2022 оқу жылында күндізгі бөлім, бакалавриатта мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерін онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жұмысқа дербес бөлу шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерін жұмысқа орнастыру.

2021-2022 оқу жылында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің күндізгі бөлімінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде – 124 білімгер оқуларын аяқтағалы отыр. Оның ішінде педагогика және психология жоғары мектебі бойынша – 15, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі – 14, жаратылыстану жоғары мектебі – 35, техникалық ғылымдар жоғары мектебі – 21, құқық және экономика жоғары мектебі – 5, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі – 34.