Қонақ дәрістері

Жазғы мектепті және сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Цюрих университетінен (Швейцария Конфедерациясы, Цюрих қ.) және Мармара университетінен (Түркия Республикасы, Стамбул қ.) шақырылған оқытушылар мен білімгерлер тобы келді.

Жазғы мектеп аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі: қазақ тілінің қарқынды курстары, оқу этнографиялық практикасы, магистранттар мен докторанттарға арналған семинарлар сериясы, ЖОО оқытушыларына арналған қонақ дәрістері.

Бағдарламаға сәйкес, 2022 жылғы 4 тамыз сағат 15:00-де, спикер – Цюрих университетінің Әлеуметтік антропология және мәдениеттану департаментінің профессор, докторы – Петер Финке «Орталық Азиядағы трансформациялық процестер» тақырыбында қонақ дәрісі өтеді. Барлық ниет білдірген оқытушылар мен білім алушыларды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.