Лекция

04.08.2022 ж. «Орталық Азиядағы трансформациялық процестер» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Спикерлер ретінде Цюрих университетінің Әлеуметтік антропология және мәдениеттану департаментінің профессоры, докторы Петер Финке және доктор Мельтем Санжак сөз сөйледі. Дәріс барысында спикерлердің соңғы 30 жылда Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолия сияқты үш елдің салыстырмалы талдауындағы трансформациялық процестер туралы зерттеу нәтижелері қаралды.

Қонақ дәрісіне гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары мен білім алушылары, Цюрих университетінің (Швейцария) оқытушылары мен білім алушылары, Мармара университетінің (Стамбул, Түркия) шетелдік ғалымы Ерхан Доган, «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлері және халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының қызметкерлері қатысты.

Барлық қатысушылар шетелдік ғалымдарға сұрақтар қойып, жауап алды. 8 және 10 тамызда сағат 15.00-де 313 конференц-залында өтетін шетелдік қонақтардың келесі семинарларын асыға күтеміз. Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!