Семинар

Зерттеу әдістері 1: Енгізілген бақылау / этнографиялық тәжірибе

08.08.2022 жылы жас ғалымдар мен докторанттарға арналған «Зерттеу әдістері 1: енгізілген бақылау/ этнографиялық тәжірибе» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шақырылған Цюрих (Швейцария) университетінің Әлеуметтік антропология және мәдени зерттеулер департаментінің профессоры Петер Финке өткізді.

Қатысушылар «енгізілген бақылау» ұғымымен және этнографиялық дала жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен танысты. Профессор моңғолдардың, өзбектердің, қазақтардың және Орталық Азияның басқа да ұлттарының тұрмысы мен мәдениетін зерттеуде қолданған зерттеу әдістерінің мысалдарын келтірді.

Семинар барысында қатысушылар процеске тартылып, өздерін қызықтырған тақырыптарға белсенді түрде сұрақтар қойды, сондай-ақ Цюрих университетінің студенттері мен пост-докторанттарымен танысу мүмкіндігіне ие болды, олар Қазақстан Республикасындағы өздерінің этнографиялық тәжірибесінде байқау әдістерін қолданады.