Студенттерді және олардың ғылыми жетекшісі Бейсенбеков Эрик Бақдәулетұлын осы тамаша жетістігімен құттықтаймыз!!!

«KAZENERGY / Student Energy Challenge-Junior» Республикалық инновациялық жобалар байқауына республиканың түкпір-түкпірінен 42 команда қатысты. Байқау нәтижесі бойынша финалға  «it ZHANSUGUROV college» және «Selestials of  Zhansugurov college» командалары жол тартты.

2022 жылдың 24 тамызында финалдық кезең барысында «Selestials of Zhansugurov college» командасы жүлделі III орынға ие болды. «It Zhansugurov college» командасы «Student Energy Challenge-Junior»инновациялық жобалар байқауының жеңімпазы атанды. Біздің колледждің екі командасы да «KAZENERGY / Student Energy Challenge-Junior» инновациялық жобалар байқауының гранттарының иегерлері атанды. Студенттерді және олардың ғылыми жетекшісі Бейсенбеков Эрик Бақдәулетұлын осы тамаша жетістігімен құттықтаймыз!!!