Келісімшарт

Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті кадрлар даярлауда ғылым, білім және өндірістің байланысын нығайту мақсатында І.Жансүгіров атындағы «Жетісу университеті» КЕАҚ және Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі атынан Бас директор М.Н.Қабиев биоалуантүрлілік, биология, экология және биотехнология саласында ғылыми зерттеулер жүргізудегі өзара тиімді ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Жасалған шарт ГҚ және ПМҚ конкурстарына қатысу, бірлескен зерттеулерді орындау және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.