Байқау

Кәсіпкерлік білім беруді және жас ғалымдардың инновациялық әлеуетін дамытуды жүзеге асыру мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Стартап академиясы жас новаторлар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында «Zhetysu – Startup» инновациялық идеялар мен жобалар байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

креативті және кәсіпкерлік ойлай алатын бәсекеге қабілетті және прагматикалық мамандарды даярлау және қалыптастыру;

  • университет студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдарының ғылыми және инновациялық қызметтерін ынталандыру және тарату;

– озық зерттеулер мен әзірлемелерді құру, дарынды ғылыми жастарды анықтау және қолдау үшін ұйымдастырушылық жағдай жасау.

Байқау өтінімді қарастыру күні жасы 29 жастан аспайтын (қоса алғанда) университеттің жас ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін өткізіледі.

Байқаудың шарттары мен талаптары сақталмаған жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі бойынша қатысушы байқауға қатысудан босатылады.

 Байқаудың  мерзімі мен тәртібі.

 Үздік жобаларды анықтау мақсатында байқау үш кезеңде өткізіледі:

Байқаудың бірінші (тіркеу) кезеңінде өтінімдер қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 7 қыркүйектен 14 қазан, сағат 18.00-ге дейін.

Әр жоба бойынша өтінімдер бекітілген формаға сәйкес (А қосымшасы) қағаз түрінде және startup.jetysu@gmail.com   электрондық поштасына электрондық түрде ұсынылады.

Байқаудың екінші (іріктеу) кезеңі қорытынды кезеңге жіберу үшін университеттің жоғары мектептері мен колледждің конкурстық өтінімдерін белгіленген бағалау критерийлері (В қосымшасы) бойынша мықтыларды іріктеуден тұрады.

Университеттің жоғары мектептері мен колледжі жобаның авторларына оның жекелеген ережелерін түсіндіру үшін жүгіне алады және қандай жобаларды соңғы кезеңге жіберуді шешуге құқылы.

Үшінші кезең: жобаларды қорғау. Жобалардың таныстырылымын өткізуде төмендегілер ескерілуі тиіс: жобаның мақсаты мен міндеттері, түйінді ойлары, жүзеге асырудың негізгі кезеңдері, жобадан күтілетін нәтижелер (нақты инновациялық өнім).

Өткізу күні мен уақыты: 2022 жылғы 19-20 қазан, 10:00-13:00.

Өткізу орны: Ғ. Орманов атындағы Кітапхана, Қаблиса Жырау көшесі, 202, «StartUp Academy».

ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ:

1. Регламент: 5 мин. (қатаң сақтау)

2. Үлгіге сәйкес Презентация (қоса беріледі)

3. Презентацияның бірыңғай логотипі (қоса беріледі)

 ЕСКЕРТУ:

Электрондық презентациямен қатар, макеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды қолдануға болады (бұл баллдарда үлкен ПЛЮС болады).

Байқау нәтижесі бойынша (үшінші кезең) конкурстың жеңімпаздары, атап айтқанда үш жүлделі орын, номинациялар анықталады, сондай-ақ жеңімпаз  «StartUp Academy» базасында идеядан оны коммерциялауға дейін тегін білім алады.

 Жүлделі орындар:

І орын – 100 000 теңге;

ІІ орын – 70 000 теңге;

ІІІ орын – 50 000 теңге.

Номинациялар:

– «Үздік әлеуметтік жоба»;

– «Үздік эко-жоба»;

– «Үздік IT жоба»;

– «Туризм саласындағы үздік жоба»;

– «Биотехнология саласындағы үздік жоба»;

– «Үздік жас ғалым»;

– «Үздік бизнес жоба»;

– «Үздік ауыл шаруашылығы жобасы».

Осыған байланысты байқауға қатысу үшін әрбір Жоғары мектеп пен колледжден

кем дегенде 5 инновациялық жоба ұсынылады.

«Zhetysu – Startup» байқауының финалдық кезеңінің өтетін орны туралы startup_academy_zhetysu Instagram парақшасында жаңалықтарды қадағалаңыз

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН МЫНА

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКЕНЖАЙҒА ӨТІНІШ БЕРУ ҚАЖЕТ:

startup.jetysu@gmail.com 

Байқауға қатысты барлық сұрақтар келесі кеңсе қабылдайды:

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Стартап Академия

Мекен-жай: Ғ. Орманов атындағы Кітапхана, Қаблиса Жырау көшесі, 202.

e-mail: startup.jetysu@gmail.com

Тел.: (8 7282) 22-21-23 ішкі нөмірі (1172)

Байланыс тұлғалары:

Аманбекова Балжан Бауыржанқызы +7 775 005 29 95