Семинар

2022 жылдың 6 қыркүйегінде Мармара университетінің профессоры (Стамбул қ., Түркия Республикасы) Эрхан Доган «онлайн оқыту тәжірибесі: артықшылықтары мен кемшіліктері» (Online teaching experience: advantages and disadvantages) тақырыбында семинар өткізді. Семинар қызметкерлер, оқытушылар құрамы және университеттің жас ғалымдарына арналды. Профессор пандемия кезінде әлемнің барлық жоғары оқу орындары бетпе-бет келген онлайн оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн оқыту және қашықтан оқыту нысаны танымал болды және бүгінгі күнге дейін қолданылуда. Осыған байланысты, білім беру мекемелері оқу үдерісін бағдарламалық қамтамасыз ету, оқу процесін ұйымдастыру және білім алушылар тарапынан кері байланыс жасау  мәселелері туындады. Профессор онлайн оқыту кезінде білім алушылардың жоғары баға алу,  емтихан және ғылыми жұмыстарында плагиатты анықтау тәжірибесімен бөлісті. Семинар талқылау түрінде өтті, Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы онлайн оқыту және қашықтан оқыту бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды.