1 КУРС БІЛІМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

9 қыркүйек 2022 жылы сағат 15:00 – де гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Рысбеков Қадыр Қойшыбекұлы жаңа оқу жылының барысы туралы 1 курс білімгерлерімен бас оқу ғимаратының акт залында кездесу өткізді. Кездесуге деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Токтанова Асел  Керимовна, жоғары мектептің оқу ісі жөніндегі үйлестірушісі Разбекова Меруерт Тоқтасынқызы, тәрбие ісі жөніндегі үйлестірушісі Тумабаева Мадина Болатқызы және барлық топ кураторлары қатысты. Кездесудің мақсатына тоқталсақ: жоғары мектебіміздің белсенді білімгерлерінен құралған студенттік деканат құрамымен таныстыру, 1 курс білімгерлерін сабақ үрдісімен және жоғары мектеп үйлестірушілерімен таныстыру. 

Жоғары мектеп деканы Қадыр Қойшыбекұлы бірінші курс білімгерлерін университетке түсулерімен құттықтап, олардың тамаша таңдауын атап өтті. Бірінші курс білімгерлері үшін бұл кездесу өте пайдалы болды. Қадыр Қойшыбекұлы білімгерлерге университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне қатысу мүмкіндіктері туралы, оқу орны білімгерлердің жан-жақты және үйлесімді дамуына, шығармашылық жетілуіне үлкен көңіл бөлентіндігі туралы атап өтті. Кездесу «Ашық микрофон» форматында өтіп, бірінші курс білімгерлері өз сұрақтарын қойып, толғандырған бірқатар сұрақтарына толыққанды жауап алды.