Семинар-тренинг

Профессор Мариан Яниганың жас ғалымдарға және докторанттарға арналған семинар – тренингі

Жаратылыстану жоғары мектебінің 8D01503 «Биология» білім беру бағдарламасының докторанттарына және университеттің жас ғалымдарына Жилин университетінің профессоры, PhD Мариан Янига 08.09.2022 ж.-04.10.2022 ж. аралығында «Biotechnology in conservation bioresources» пәнінен дәрі оқуда. Дәрістерде профессор биоалуантүрлілікті сақтау технологиялары туралы білім беруде. Семинарларда қолданылатын қызықты практикалық тапсырмалар тыңдаушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда. Кейбір практикалық сабақтар табиғат аясында өткізіліп жатыр. Сабақта жобалық әдіс, эссе әдісі, тұлғаға бағытталып оқыту т.б. инновациялық әдістерді қолдану докторанттардың ынтасын артыруда.