Танымдық семинар

Шетелдік ғалымның танымдық семинары

Жаратылыстану жоғары мектебінің  6В01508-Биология және 6В01507-Химия-Биология білім беру бағдарламаларының студенттеріне және жас ғалымдарға  05.09.2022 ж. Жилин университеті Биік таулар биологиясы институтының (Словакия)  профессоры, PhD Мартина Хаас «Тау бөктеріндегі ғылыми ізденістер» тақырыбында танымдық семинар өткізді. Семинар барысында профессор Мартина өзімен бірге келген  шәкірттерінің де ғылыми бағыттарымен, зерттеу әдістері және зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

Жилин университетінің студенттері ұсыныстар жасап, қызықты деректерімен бөлісті.

Қатысушылар тақырыпты қызығушылықпен талқылап, сұрақтар қойып, тілектері мен ұсыныстарын айтты.