«ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС: БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНЕР»

15.09.2022ж. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі шетел тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыс: білім беру, ғылым және өнер» тақырыбында Түркия Республикасы Мармара университеті саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Эрхан Доған мырзамен кездесу өтті. Кездесуге «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2, 3-курс білімгерлері қатысты.

Кездесуде профессор Эрхан Доған жалпы Түркия мен Қазақстанның білім беру жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар, ғылымды дамытудың негізгі жолдары, академиялық ұтқырлық және түркі тілдес елдердің өнерін дамыту жайлы білімгерлермен ой бөлісті. Білімгерлер  қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық тағамы жайлы мағлұматтармен бөлісіп, өз өнерлерін көрсетті. Кездесуде түрік тілін меңгеретін білімгерлер түрік тілінде профессорға әртүрлі сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. Кездесу білімгерлердің тілдік тәжірибесін дамытуға ықпал етті.