Конкурс

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаратылыстану бағыты бойынша постдокторантураға қабылдау конкурсын жариялайды

Постдокторантураға келесі тұлғалар қабылданады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы бар немесе қандас болып табылатын (этникалық қазақ және (немесе) оның отбасы мүшелерінің ұлты қазақ, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келгендер және халықтың көші-қоны туралы заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алғандар) немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
  • Жасы 40-тан аспаған;
  • 2013 жылдан кейін алынбаған философия докторы дәрежесіе (PhD)/бейін бойынша доктор дәрежесін немесе ғылыми дәрежесін алған (доктор/ғылым кандидаты) немесе докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген және ғылыми дәреже алу үшін диссертация қорғауға дайындалып жатқан тұлға;
  • ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысатындар;
  • ағылшын тілін меңгерген (IELTS Academic (International English Language Testing System Academic, шекті балл – 5,5-тен кем емес; TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – 46-дан кем емес; TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – 453-тен кем емес; TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm), шекті балл – 460-тан кем емес);
  • Web of Science базасындағы 1 (бірінші), 2 (екінші) немесе 3 (үшінші) квартильдерге кіретін немесе соңғы 3 жылда Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 50 процентильге ие халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар.

Постдокторантураға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  • постдокторантура бағдарламасына қабылдау туралы өтініш;
  • кандидаттың ғылыми жетістіктері туралы ақпараты бар өтініш, сондай-ақ ғылыми жетістіктер мен алдыңғы жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты растай алатын кемінде екі беделді маманның Т. А. Ә., лауазымын мен байланыс деректерін көрсету керек (А Қосымшасы);
  • белгіленген тәртіппен рәсімделген рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми жұмыстардың және (немесе) патенттердің және өзге де қорғау құжаттарының тізімі;
  • университетте жүзеге асырылатын ғылыми бағыттарға сәйкес келетін тақырып бойынша зерттеу жобасының жоспары (ғылыми жобаның гранттық қаржыландыру конкурсына өтініші);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • философия докторы (PhD)/бейін бойынша доктор дипломының немесе ғылым докторы/кандидаты ғылыми дәрежесінің көшірмесі;
  • ағылшын тілін меңгергені туралы сертификат, Болашақ стипендиаттарынан басқа.

Барлық құжаттар қағаз және электронды түрінде өткізіледі.

Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы Карашолакова Л.Н. (Талдықорған қ., Жансүгіров к. 187 А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі, 310 к., тел. 8 (728) 222-21-23 (ішкі 1155, ішкі 1193), электрондық пошта: gylym.zhu@gmail.com).

Құжаттар 2022 жылғы 1-ші қыркуйек пен 30-шы қыркүйек аралығында қабылданады.