ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

2022 жылдың 21 қыркүйек «Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша» БББ оқытушы-дәріскері Д. Қаратаева 6В01601 – «Тарих» және 6В01510 – «География-тарих» мамандығының  211 топ және ТҚ 311 топ білімгерлерін Талдықорған қаласының мемлекеттік архивінің «ашық есік күніне» орай өтілген іс-шараға апарып, архив құжаттарымен таныстырды. Білімгерлерді архивкі апарудың негізгі мақсаты білім беру бағдарламасының оқу үрдісіне сай «Мұражайтану және мұрағаттану» пәнінің өтілу негізінде іске асырылды.

Білімгерлерге архив ұжымы қорлар, тізім, істермен жұмыс жасау барысын түсіндіріп, көптеген мағлұматтар берілді.