Кездесу

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бахтаулова Алефтина Сембаевна басшылығымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №116 «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін орындар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және 2022-2023 оқу жылының 1-жартыжылдығында республикалық бюджет есебінен және университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен оқуға жіберілетін студенттер мен ата-аналармен кездесу өтті. Жиналысқа Тіркеу офисінің директоры, гуманитарлық ғылымдар және жаратылыстану жоғары мектептерінің декандары, үйлестірушілер мен халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының қызметкерлері қатысты. Шетелде сақтық шаралары, білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру талқыланды.