Қазақстан Республикасның Ғылым және жоғарғы білім министрлігі бекіткен «Қазақстанның киелі жерлері бойынша студенттік аймақтық экспедициясының тұжырымдамасын» жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 24 қыркүйегінде 6В01509-География, 6В01510-География-Тарих білім беру бағдарламаларының білімгерлерінің қатысуымен Баянжүрек тауының етегіндегі Қола, Сақ, Түркі кезеңдесінің солярлық белгісі «Шеңбертас» ғибадатханасына саяхат ұйымдастырылды.
Танымдық жорық барысында білімгерлер бұдан шамамен 2000-3000 жыл бұрын кеңістікте бағдарлау, ауа райын бақылау, Күн сағаты қызметін атқарған солярлық белгілердің маңызымен, негізгі түрлерімен танысты.
Білімгерлен тұсбағдардың көмегімен «Шеңбертас» ғибадатханасының орталық нүктесінен жүргізілген бірін-бірі перпендикуляр қиып өтетін түзу сызықтардың кеңістіктің негізгі бағыттарымен сәйкестігін анықтады.
Еліміздің өткен тарихын айғақтайтын палеомәдени киелі орынның халқымыздың қолданбалы өнерімен, мемлекеттік рәміздермен байланысы анықталды.
Білімгерлерге ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беріп, отан сүйгіштік сезімдерін оятуда ерекше орын алатын танымдық іс шараны ұйымдастыруға қолау көрсеткені үшін университет басшылығына, Жаратылыстану жоғары мектебінің деканына ризашылығымызды білдіреміз.