Саяхат

Баянжүрек тауының етегіндегі қола, сақ, түркі кезеңдесінің солярлық белгісі «Шеңбертас» ғибадатханасына саяхат

Қазақстан Республикасның Ғылым және жоғарғы білім министрлігі бекіткен «Қазақстанның киелі жерлері бойынша студенттік аймақтық экспедициясының тұжырымдамасын» жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 24 қыркүйегінде 6В01509-География, 6В01510-География-Тарих білім беру бағдарламаларының білімгерлерінің қатысуымен Баянжүрек тауының етегіндегі Қола, Сақ, Түркі кезеңдесінің солярлық белгісі «Шеңбертас» ғибадатханасына саяхат ұйымдастырылды.

Танымдық жорық барысында білімгерлер бұдан шамамен 2000-3000 жыл бұрын кеңістікте бағдарлау, ауа райын бақылау, Күн сағаты қызметін атқарған солярлық белгілердің маңызымен, негізгі түрлерімен танысты.

Білімгерлен тұсбағдардың көмегімен «Шеңбертас» ғибадатханасының орталық нүктесінен жүргізілген бірін-бірі перпендикуляр қиып өтетін түзу сызықтардың кеңістіктің негізгі бағыттарымен сәйкестігін анықтады.

Еліміздің өткен тарихын айғақтайтын палеомәдени киелі орынның халқымыздың қолданбалы өнерімен, мемлекеттік рәміздермен байланысы  анықталды.

Білімгерлерге ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беріп, отан сүйгіштік сезімдерін оятуда ерекше орын алатын танымдық іс шараны ұйымдастыруға қолау көрсеткені үшін университет басшылығына, Жаратылыстану жоғары мектебінің деканына ризашылығымызды білдіреміз.