Семинар

Университет қызметкерлеріне арналған семинар

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шақырылған Цюрих (Швейцария) университетінің Әлеуметтік антропология және мәдени зерттеулер департаментінің профессоры Петер Финке І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері үшін «Зерттеу әдістері 2: сұхбат жүргізу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинары барысында профессор сұхбат жүргізу әдістері туралы айтып, зерттеу жұмыстарының мысалдарын келтірді.

Семинар барысында университет қызметкерлері өздерін қызықтыратын тақырыптарға белсенді сұрақтар қойып, Цюрих университетінің студенттері мен пост-докторанттарымен танысуға мүмкіндік алды, олар Қазақстан Республикасындағы этнографиялық тәжірибелерінде сұхбат жүргізу әдістерін қолданады.