І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлерінің 2022 жылғы археологиялық маусымы

2022 жылғы 23 қыркүйекте Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының ұймдастыруымен «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлерінің 2022 жылғы археологиялық маусымы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен орнатылған меморандум негізінде университетіміздің білімгерлері 2022 жылдың шілде-тамыз айларында 2 халықаралық археологиялық экспедициялардың жұмыстарына қатысты. Бірінші экспедиция Жетісу облысы Ақсу ауданы Баянжүрек жазығында өтті. Археология Институты және Вашингтондағы Сент-Луис университетімен бірлескен жұмыстарға профессор Паула Думани Дюпюй жетекшілік етті. Сондай-ақ бұл қазба жұмыстарына археология институтынан ғылыми кызметкері Байтілеу Дархан Айтжанұлы, «Охотники за петроглифами» еріктілер тобының жетекшісі Гумирова Ольга және Назарбаев университетінің білімгерлері қатысты.

Екінші топ білімгерлері Қазақстан-Корея халықаралық археологиялық экспедициясы жұмыстарына ат салысты. Алматы  облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылының Елтай жазығында жүргізілген қазба жұмыстары Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы және Ph.D Азат Айтқали жетекшілігімен өтті. 

Іс-шара барысында студенттер жазғы археологиялық маусымның алған әсерлерімен және жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық дала жұмыстары барысында студенттер археологиялық қазба әдістерінің ерекшеліктерімен танысып, заманауи жабдықтарды қазба жұмыстарында пайлалануды, ежелгі артефактілермен жұмыс істеу бойынша құнды тәжірибе алғандары туралы баяндады.