Ашық дәріс

«Жаһандану контекстінде рухани құндылықтардың мәні» ашық дәріс

 2022 жылдың 28 қыркүйегінде «Қазақстанның киелі жерлері бойынша студенттік аймақтық экспедициясы» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.қ., қауымдастырылған профессор К.Н. Аликенованың «Жаһандану контекстінде рухани құндылықтардың мәні» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Дәріс барысында Тұжырымдаманың дүниетанымдық міндетіне байланысты жас ұрпақты өз ұлтының мәдени-рухани мұрасын игеруге баулитын, өз елінің тағдырына сергек қарайтын азамат етіп тәрбиелейтін білім жүйесі, қоғамның рухани өміріндегі құндылықтардың өзіндік келбеті мен сипаты көп өзгергені туралы сөз қозғалды.