«ЖАЛҒЫЗ АРША» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

28 қыркүйек күні Тіл Сарайында белгілі жазушы, журналист Серік Сарыбайдың  «Жалғыз арша» кітабының тұсаукесері өтті. Журналистика мамандығының ЖҚ 311, ЖҚ 312 студенттері мен топ кураторлары аталған шараға қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Журналист Серік Әбікенұлының бұл туындысы киелі Жетісу жерінің қойнауында жатқан құнды деректерге сүйене жазылған тарихи шығарма, кітап  жетісулық батырлардың қасіреті жайлы.

Кітаптың негізгі мақсаты, жазылу барысы Жетісу жерінде ізі қалған батыр тұлғаларымыздың ерліктерін насихаттау болды. Шарада зиялы қауым өкілдерінен бөлек, кітап кейіпкерлерінің ұрпақтары да өз естеліктерімен бөлісті. «Жалғыз арша» кітабы жайдан жай жазылмаған. Ол саналы ұрпақтың ұлы бабаларына деген құрметі, ерліктеріне еткен тағзымы.