Ғылыми семинар

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Жаратылыстану жоғары мектебінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шақырылған Жилин университетінің (Словакия) профессоры, PhD Мариан Жанига мен қауымдастырылған профессор, PhD Мартина Хаас жоғары мектеп профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарға ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында профессор Мариан Жанига білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауы, өзекті мәселелерді дұрыс таңдау тәжірибесімен бөлісті. Ал Мартина Хаас «Биік таулар биологиясы» саласында жасалған зерттеу жұмысының нәтижелерімен таныстырып, Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жасалған зерттеу нәтижелерімен және алдағы жасалатын жұмыс жоспары жайлы айтты. Ынтымақтастықта жасалған жұмыс нәтижелері болашақ біріккен зерттеулердің бастамасы болатынына назар аударылды.