Startup Orda оқыту семинары

2022 жылдың 28 қыркүйегінде жаратылыстану жоғары мектебінің IT орталығы бағдарламашысы Асель Кулынтаеваның ұйымдастыруымен Startup Orda оқыту семинары өткізілді. Семинарға жоғары мектеп білім алушылары қатысты.

Startup Orda мақсаты – инновациялық жобаларды дамыту, аймақтық стартап-инкубаторларды іске қосу, еліміздің түкпір-түкпірінен жас және дарынды IT мамандарының сыни массасын тартудың ошағына айналу. Семинарда Startup Orda мақсаты, Startup жобаларды құру, оған инвестициялар тарту және бизнесті одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды. Семинар бағдарламасы практикалық білім мен дағдыларды алуға, Start-up жобаларын басқару саласында технологиялар мен құралдарды пысықтауға бағытталған көптеген міндеттерді қамтиды.