ӘДЕБИ ЛИГА «КҮЗ КӨҢІЛДІ ТЕРБЕЙДІ»

27 қыркүйекте 6В01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті» және 6В01704 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттері «Күз көңілді тербейді»  атты  Қазақстан халқының тілдері күніне 1 курс студенттеріне арналған әдеби лигасын өткізді. Тілдер күні – көпұлтты  халықтың  достығы мен бірлігінің мерекесі.

1 курс студенттері өлеңдер оқып, жұмбақ жасырды, сонымен қатар викторинаға қатысып, білімдерін жақсы деңгейде екенін көрсетті. Барлық қатысушылар грамотамен марапатталды.

Мерекелік іс-шараны «Орыс тілі мен әдебитеті» бағдарламасының оқытушы-лекторлары Абайделданова М.К., Чеснокова К.А. және оқытушы-ассистент Жазыбекова А.К. ұйымдастырды.

Тілдер күні мерекесі аясында 1 курс студенттеріне зияткерлік және шығармашылық ойындар өткізу игі дәстүрге айналды.