Байқау

Жібек жолы елдері қауымдастығы 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Шэньян педагогикалық университетінде (Қытай) қазақстандық студенттердің онлайн ұтқырлығына байқау жариялайды. Академиялық ұтқырлық тілді меңгерудің бастауыш деңгейіндегі топтар үшін қытай тілін үйренуді қарастырады.

Сабақ аптасына 2 рет 1,5 сағаттан өтеді.

Тренинг онлайн түрде өтеді.

Қызығушылық танытқан  тұлғаларды Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына (бас ғимарат, 309-кабинет, ішкі 1157) хабарласуларыңызды сұраймыз.