«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының тарихы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына орай, Педагогика және психология жоғарғы мектебі, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының білімгерлерімен  п.ғ.к., доцент А.А.Капенова, философия докторы (PhD)  С.А. Фейзулдаева, магистр, оқытушы-дәріскер Г.А. Тажинова «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының тарихы» атты  ашық тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шара мақсаты: білімгерлерді осы мамандықтың тарихымен таныстыру.

Іс-шараға шақырылған қонақтар: п.ғ.к., доцент А.Б. Бакраденова, п.ғ.к., доцент Н.Н. Ханина,  философия докторы (PhD) , Педагогика және психология жоғарғы мектебінің ғылыми жұмысы бойынша координаторы Г.С. Майлыбаева, «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының жетекшісі оқытушы-дәріскер   А.Д. Ансабаева, магистр, оқытушы-дәріскер А.С. Таурбекова, магистр, оқытушы-дәріскер Педагогика және психология жоғарғы мектебінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша координоторы Ж.Болатханова және 1  курс білімгерлері.