Байқау

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі 2022 жылдың 03 қарашасында Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай жоғары оқу орындарының студенттері арасында  «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты Республикалық конкурс өткізеді.

І Республикалық конкурстың өткізілу тәртібі

  Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Республикалық конкурстың бағыттары:

  • Эссе жазу
  • Жоба қорғау

ІІ  Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

ЭССЕ

Эссе байқауы кезеңінде қатысушылардың теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында ұсынылған тақырыптың біреуі ғана таңдалады.

1. Қатысушы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми, ағартушылық, саяси-қоғамдық, әдістемелік және т.б. еңбектерін таныту мақсатында эссе жазады немесе еркін тақырыптың бірін таңдайды.

2.  Еркін тақырыптағы эссе

1. «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» (қоғам дамуының заңдылығы туралы)

2. «Амалыңды түзет, түземесең, ешкімге кінә қойма!» (гуманистік идея, адами болмыс туралы)

3. «Төңірекке  қарасаң,  түнерген  бұлттар  əлі  бар…» (әлемдік ядролық қауіп туралы

4. «Ұлы  іс  ұсақтан  ұлғаяды…» (ұлттық патриотизм) 

5. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры» (…тіліміз бұзылмай  сақталуын  тілесек,  өзгелерше  әуелі  өз  тілімізбен  оқытып,  сонан  соң  басқаша  оқыту  тиіс). 

Эссеге қойылатын талаптар:

1. Көлемі: 2-3 бет ;

2. Эссе құрылымы:

Кіріспе. Берілген тақырыптың мәні мен маңызы ашылады.  Бұл бөлікте эссенің бүкіл мазмұнында сипаты ашылатын негізгі ой, мәселе (сұрақ) анық айқындалуы керек (жұмыстың 30 пайызын құрайды).

Негізгі бөлім.  Туындаған сұраққа нақты дәлелдер келтіре отырып, негізгі мәселеге байланысты өзіндік ой келтіріледі, кіріспедегі сұрақтың мазмұны ашылады. Әрбір туындаған ой аргументті түрде тұжырымдалады  (жұмыстың 60 пайызын құрайды).

Қорытынды бөлім. Негізгі бөлімде ұсынылған дәледемелер қорытындыланады      (жұмыстың 10 пайызын құрайды).

3.Эссе байқауының тапсырмалары төмендегі талаптар бойынша бағаланады:

1. Автордың жеке ұстанымы, жеке көзқарасы болуы шарт;

2. Субьективтілікке бағытталған автор ойы логикалық жүйемен, ішкі мағыналық бірлікпен берілуі тиіс;

3. Автор  ойы мақал-мәтелдермен, афоризмдермен немесе ұлы ойшылдардың қанатты сөздерімен  дәйектелуі керек;

4. Дәлелденуге тиісті мәселе анық және оны дәлелдеу үшін қолданылатын аргументтер міндетті түрде қамтылуы керек;

5. Көркем әдеби эссе болғандықтан, бейнелі, образды  сөздердің қолданылуы шарт.

6. Эсседегі барлық мәселелер өз тәжірибеңізге сілтеме жасау арқылы мысалдармен расталуы тиіс;

7. Эсседе грамматикалық нормалар сақталу керек: сөйлемдердің стилистикалық  құрылымының дұрыс болуы, ықшамдалған мағыналы жай сөйлемдерге басымдық беру, сөздерді сұрыптап қолдану, тұтас ой сабақтастығы азатжолдарда үзіліп кетпеуін қадағалау, грамматика мен көркем жазу нормаларын сақтау, ой иірімдерін беру мен өзіндік стилінің ерекшелігіне сай тыныс белгілерін сауатты қолдана білу.

4.Эссе жұмысын бағалау жүйесі:

Эссе  автордың тақырыпты түсінуі, көтерілген мәселені бағалай алуы, ой толғаныс жасай алуы және жазылым сапасы бойынша  бағаланады. Эссе жазуда жанрдың ерекшелігіне сай  студенттің функционалдық сауаттылығы назарға алынады.

Эссе үшін  қойылатын жоғарғы ұпай саны – 50 балл.

Бағалау критерийлеріКритерийдегі талаптарҰпай саны
1Ұсынған тақырыпты түсінуі– тақырыптың субъективті түсіндірілуі; – риторикалық сұрақтың тақырып мазмұнын ашатындай дәл қойылуы; – бір ойдан туындаған бірнеше идеяларды бір тақырып аясына логикалық бірізділікпен жүйелей алуы; – «еркін» композицияны сақтауы.10
2Көтерілген мәселені бағалай алуы  – тақырыпқа әр қырынан келе отырып, көп аспектілі көзқарас ұсына алуы; – оқырманын таң қалдыру үшін пародаксалды анықтамалар бере алуы; – деректердің маңыздысын сұрыптауы, оны қорытуы, түйінді тұстарын тиімді пайдалануы, сол негізінде талдау жасауы және пікір білдіруі; – дәлелденуге тиісті жағдайдың анық, шын екендігін сенімді түрде дәлелдей алуы.10
3Ой-толғаныс жасай алуы  өз идеяларыннақты, түсінікті жеткізе алуы – өзіндік ұсынған пікіріне сенім туғызу үшін ойды жүйелі ұсыну алгоритмін құра алуы; – ойының басым тұстарын саралап, болашақтағы тиімді мүкіндіктерін болжай алуы; – келтірілген сілтемелердің тұжырымымен өз ойын сабақтастыра алуы.10
4Қанатты сөздерді, цитаталарды, мақал-мәтелдерді орынды қолдануы– өзінің позициясын айқындай алатын қанатты сөзді немесе цитатаны  дұрыс таңдай алуы; – автор ойының келтірілген қанатты сөзбен ұштасуы; – автор пікірі мен көзқарасының көсемсөзбен  дәл дәйектелуі.10
5Жазылым сапасы  – бейнелі сөздерді, синонимдерді орнымен, контекстегі беретін мағынасымен сәйкестендіре қолдана алуы; – емле және тыныс белгісі ережелерінің дұрыс сақталуы; – сөйлемдердің стилистикалық жағынан дұрыс құрылуы; – қойылған талаптарға сәйкестігі.10
 Барлығы 50

Эссенің рәсімделуі:

            Эссе мәтіні электронды түрде ұсынылады. Сызық көлемдері: сол жақ-3 см, оң жақ – 2 см,  жоғары – 2 см,  төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman   KZ Times New Roman   14 кегль; азат жол (1,25см); жол арақашықтығы- бірқатарлы.

Эссе  zhu.iliyastanu@mail.ru электронды поштасына     2022 жылғы  27 қазанға дейін жіберілуі тиіс.

             Жіберілген эсселер антиплагиат бағдарламасымен тексеріледі.

ЖОБА

Жоба мәтіні мен презентация ұйымдастыру комитетінің поштасына 2022 жылдың  27 қазан айынан кешіктірмей жіберілуі тиіс.

Жоба мазмұнына қойылатын талаптар:

  • зерттеудің өзектілігі және ғылыми сұранысқа сәйкестігі; 
  • тақырып мазмұнының ашылуы; 
  • ізденіс жұмысының жаңалығы және теориялық, практикалық маңызы;
  • жобаның  көлемі және безендірілуі, көрнекілігі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

            Мәтін компьютерде терілу керек. Сызық көлемдері: сол жақ-3 см, оң жақ – 2 см,  жоғары – 2 см,  төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman   KZ Times New Roman   14 кегль; азат жол (1,25см); жол арақашықтығы- бірқатарлы;

Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек. Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек.

  • Кіріспеде жобаның жалпы сипаттамасы берілуі керек (тақырыптың өзектілігі, мақсат –міндеттері, теориялық‑практикалық маңызы мен жаңалығы).
  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар қамтылуы тиіс.
  • Ғылыми жоба 10-15 беттен  аспау керек.

            Міндетті түрде презентация дайындалу керек.

Жобаны қорғауға 7 минут уақыт беріледі.

Бетпарақта (титул бет)  ЖОО аты _____________________

Зерттеу тақырыбы                         _____________________

Студенттің аты-жөні  (бір ғылыми жобаға үш студентке дейін қатыса                        алады)                                               _____________________

Білім беру бағдарламасы мен курсы _____________________

Ғылыми жетекшінің аты-жөні          _____________________

            Ғылыми жоба  онлайн режимде қорғалады.

Ғылыми жоба тақырыптары: (өз қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдау)

1. А.Байтұрсынұлы және тіл білімі мәселелері

2. А.Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттану ғылымының көшбасшысы

3. А.Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы

4. Алаш әдебиеті – ұлт руханиятының негізі

Жобаны бағалау жүйесі:

Жоба үшін  қойылатын жоғарғы ұпай саны – 50 балл.

Бағалау критерийлеріҰпай саны
1Зерттеудің өзектілігі және ғылыми сұранысқа сәйкестігі10
2Ғылыми жаңалығы10
3Ғылыми тұжырымдар мен нәтижелердің негізделуі, шынайылығы10
4Жобаның теориялық және практикалық маңызы10
5Баяндау сауаттылығы, шешендігі, ғылыми стиль ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануы10
  50

Ескерту: әр жоғары оқу орнынан 1 команда (3 студент) қатыса алады.

Қатысу өтінімдері

1 Тегі, аты-жөні 
2ЖОО ( толық атауы), курс, БББ 
3 Байланыс телефоны 
4 Электронды поштасы 
5 Конкурс бағыты 
6 Жетекшісі жайлы мәлімет (тегі, аты-жөні, лауазымы) 

Қатысу өтінімдері конкурсты ұйымдастыру комитетіне жазбаша түрде е-mail: zhu.iliyastanu@mail.ru 2022 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті, 120 кабинет.

Байланыс телефондары:

Ұялы т: 8 707 726 70 95;  8705 726 70 95; 

8 (7282) 22-16-67 ішкі тел. 1125  (Маржан)

Конкурс нәтижесі І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті сайтында  (https://zhetysu.edu.kz/) жарияланады.