Семинар-тренинг

ЖИЛИН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ, phd ДОКТОР, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН  ПРОФЕССОР MARTINA HAAS ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

Жаратылыстану жоғары мектебінде 29.09.2022 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқуға шақырылған Жилин университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Martina Haas  жоғары мектеп профессорлық-оқытушы құрамы мен жас ғалымдарға «Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ғылыми зерттеу жұмысы – болашақтағы ынтымақтастық жұмыстың бастамасы»  тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында Мартина Хаас «Биік таулар биологиясы» саласында жасалған зерттеу жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жасалған іс сапар нәтижелері мен алдағы жасалатын жұмыс жоспары жайлы мәліметтерімен бөлісті. Алдағы уақытта бұл ынтымақтастықты жандандыру ғылыми ізденістер мен жетістіктердің бастамасы болатынын атап өтті. Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып,  ұсыныстар  айтылды.