«ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 1 КУРС БІЛІМГЕРЛЕРІМЕН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

Ашимова Малика 6В03203 «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 1-курс білімгерлерін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Академиялық адалдық саясатымен таныстырып, кураторлық сағат өткізді. Білім алушыларға академиялық адалдық принциптерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, академиялық мінез-құлықтың жарамсыз түрлері туралы түсіндіріп, ереже бұзған жағдайда қандай жауапкершілік пен жаза қабылданатынын  алдын ала хабардар етті.