Шеберлік сабағы

13 қазанда Жетісу университетінің коворкинг аймағында жастар қозғалыстарының көшбасшыларымен «Шешендік өнер және риторика» тақырыбында шеберлік сабағы өткізіледі. Шақырылған қонақ – Дәулетбаев Ержан Жанатұлы – шешендік өнер, риторика және пікірталас бойынша жаттықтырушы.

Жетістіктері:

2016 – Алматы облысының үздік блогері;

2018 – Алматы облысы әкімінің «Алматы облысының үздік еріктісі номинациясы бойынша Көшбасшы» сыйлығының иегері;

2020 – ҚР Президентінің «Халық Алғысы» медалінің иегері;

2016 – 2020 жылдары Алматы облысының пікірсайыс қоғамдастығының төрағасы;

2020 – Алматы облысы бойынша «Бейбітшілік Жетісу» еріктілер фронт офисінің төрағасы;

2020 – 2022 жылдары кәсіпкер, ШҚО құрылыс – энергетикалық компаниясының директоры.

Ақпараттық телефон: +7(705) 253-69-08 – Лукьянов Артём «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің әдіскері.