АДАЛДЫҚ – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас ғимаратында Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі ЖҚ211 курс білімгерлеріне академиялық адалдықты түсіндіру мақсатында Журналистика және ақпарат БББ-ның жетекшісі Жұмағали Бейсенбайұлының қатысуымен оқытушы-дәріскер Ілескен Әлбатырұлы кураторлық ашық сабақ өткізді. 

Оқу үрдісінде академиялық адалдық – негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. 302а дәрісханасында өтке ашық сабақта ЖҚ-211 тобына қос тәлімгер білім алушыларға академиялық адалдықты жан-жақты қалыптастыру, білімгер мен оқытушы арасындағы шынайы және сенімді қарым-қатынаспен адалдықты дамытуда жауапкершілікті орнатудың маңыздылығын түсіндірді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан меритократия прин­циптері, яғни әділдік қағидаттарын сақтау керектігін жете түсіндіріп, әр білімгердің  міндеті мен құқықтарын басты назарда ұстау қажеттілігін де назардан тыс қалдырмады. Білік пен білім жолында өзара ынтымақ пен береке-білік болғанда ғана жетістікке жетуге болатынын тілге тиек етіп, топ студенттерін сергек, ұйымшыл шақырды. Өскелең ұрпақтың санасын серпілтіп, алға қойған арманына күш беретін бұндай басқосу алдғы уақытта да өз жалғасын табатын болады.